Семейде алғаш рет драг-рейсинг жарысы өтеді

Қала күніне орай Семей қаласында ұзақ уақыттан кейін алғаш рет драг-рейсингке арналған іс-шара өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін мұндай жарыстардың мәртебесі қалада заңды қабылданбаған. Бірақ Семей қаласының автокөлік жүргізушілері жаңа деңгейге өтіп, ҚР автомотоспорт федерациясымен бірлесіп, аталған іс-шараның өткізуге келісім алды. Автожарыс Қарағайлы ауданында өтеді, - делінген хабарламада.

Семейліктер мен өзге аймақтардан келген қатысушылардың ең қуатты көліктері сынға түсетін алғашқы жарыс 9 қыркүйекте өтеді. 

Жалпы Семей қаласында мотоспорт жылдан жылға қарқынды дамып келеді. 

Алдын ала болжам бойынша 30-40 автомобиль жарысқа қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы