Семейде Абай күні аталып өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының туған күні аясында бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлады Алтайньюс.
Атап айтқанда, бұл күні ҚР Суретшілер одағының және ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, суретші, график, профессор Нұрбұлан Өтепбаевтың " Көргенім... Көңілдегім..." көрмесі өтеді. Нұрболан Өтепбаев 40-тан астам ғылыми еңбек пен жеті оқулықтың авторы, бес авторлық куәліктің иегері. Суретшінің көрмелерін Семей, Өскемен, Павлодар, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларынан тамашалауға болады.Біз Абай күніне орайластырылған бірқатар іс-шараларды жоспарлап отырмыз. Күн Абай ескерткішіне ұлдарымен бірге гүл шоқтарын қоюмен басталады. Одан кейін "Абай музейінің ғылыми тұжырымдамасы" атты дөңгелек үстел өтіп, онда Қазақстан Жазушылар Одағының Семей өңірлік филиалымен бірлесіп тұжырымдаманы талқылаймыз. Сол күні Нұрболан Өтепбаевтың "Көргенім... Көңілдегім...", "Қазақтың бас ақыны". Сондай-ақ Абай күніне орай Kazakhstan Speedcubing Federation командасы Рубиктің 3000 текшесінен тұратын панноны жинайды, - деді музей директоры Тұрдықұл Шаңбай.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Уханьда 11 млн адам коронавирус тестінен өткізілді
Өзгелердің жаңалығы