Семейде Абай атындағы мешіт ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Семей қаласында Абай атындағы жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

2008 жылы түрік мердігерлері салып бастаған нысан құрылысы қаржыға байланысты тоқтап қалған. Араға 2 жыл салып 2010 жылы «Қазақмыс» корпорациясы мешіт құрылысына 100 млн теңге бөліп, ары қарай жалғастырмақ болады. Алайда, белгілі бір себептермен нысан құрылысы тағы да аяқталмаған. Осылайша 2018 жылы кәсіпкер Дулат Тастекеев бұл жұмысты өз соңына дейін жеткізген. 

Ұлы Абайдың атына берілген мешіт 2500 адамға есептеліп салынған. Бұл мешіт – қаладағы ең үлкен діни нысан.

Мешіттің ашылу рәсіміне ҚР Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, дін өкілдерімен қала басшылығы және ақын Мұхтар Шаханов пен театр және кино режиссері Асанәлі Әшімов қатысты. 

Сонымен қатар өз кезегінде қала әкімі тұрғындарды мешіттің ашылуымен құттықтап, құрылысқа қатысқан барлық адамға алғысын білдірді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы