Семейде 70-тен астам көлік қар құрсауынан шығарылды

Семей - Өскемен тасжолында 70-тен астам көлік қолайсыз ауа райы салдарынан қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметіне сәйкес Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бекторенің нұсқауы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер адамдарға көмекке аттанды.

 Патрульдік полиция ротасының экипажы жолды жауып тастады. Жүк тиегіш пен грейдер жолды қардан тазартты. Баған Семей қаласына қарай жүрді, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы