Семейде 5 автокөліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды

Семей қаласында бес автокөліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды. Екі көліктің жүргізушілері зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылы 20 қазанда сағат шамамен 16:29-да Қаржаубайұлы көшесі бойында 60 жастағы жүргізуші тізгіндеген Hyundai Tucson жол қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізбей және жылдамдық режимін сақтамағандықтан, алдында тұрған Nissan Skyline-мен (жүргізушісі – 41 жастағы әйел) соқтығысқан. Салдарынан Toyota Camry, Hyundai Tucson, Volkswagen Golf және Kia Bongo маркалы көліктердің қатысуымен жаппай жол апаты орын алды.

Hyundai Tucson мен Nissan Skyline автокөліктерінің жүргізушілері медициналық мекемеге тексерілу үшін жеткізілді. Басқа жүргізушілер зардап шеккен жоқ, көліктеріне материалдық залал келтірілді. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, жол-көлік оқиғасының мән-жайын және алған жарақаттардың ауырлық дәрежесін анықтауда, - деп хабарлады Абай облысы ПД баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы