Семейде 3,5 мыңнан астам жаңа көше шамдары орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобасы аясында 3 700-ден астам жарықдиодты шам орнатылды. Бұл орнатылуы тиіс жоспарланған шамдардың жартысы ғана, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңа шамдарды «Горсвет» ЖШС мен «ОЭСК» АҚ-ның 5 бригадасы орнатты. Олар көшелерге байланысты шамамен күніне 120-140 дана шам орнатады.
Естеріңізге сала кетейік, жоба бойынша Семейде 136 көшеге 7 659 шам мен 687 тірек, 196 басқару шкафын орнату, ұзындығы 130 км болатын кабельді ауыстыру жоспарланған. Жабдықтардың бірінші партиясы ШҚО-ға 2020 жылдың соңында жеткізілген болатын.
Жобаның негізгі міндеті – ескірген шамдарды жарық жанатын жарықдиодты шамдарға ауыстыру және жарықты біркелкі етіп реттейтін көше шамдарын басқарудың зияткерлік жүйесін енгізу, - делінген ақпаратта.
Көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту барысында электр энергиясын орта есеппен 60%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін әлемдік жаңа технологиялар тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы