5 Ақпан 2026, 21:19 Фото: istockphoto.com

Семейде 23 жастағы жігіттің денесі табылды

Семей қаласында 23 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Бұл туралы Абай облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семей қаласында 23 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Бұл туралы Абай облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға жөнінде полицияға куәгерлер хабар берген. Ер адамның денесі Ертіс өзенінің мұзынан, аспалы көпірдің астынан анықталған.

Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аспалы көпірдің астындағы Ертіс өзенінің мұзынан адам денесі табылғаны туралы хабар келіп түсті. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ведомстводан.

Қаза тапқан азаматтың өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу амалдары жалғасуда.