Семейде 22 мектеп жөнделіп жатыр
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 2023 жылғы жаңа оқу жылына дайындық аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан №39,31 мектептерге барып жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мектеп басшылары қала әкіміне жөндеу жұмыстарын таныстырып, жаңа оқу жылына дайындықтары туралы баяндады. Өз кезегінде Нұрбол Нұрсағатов мердігерлерге бірқатар ескертулер жасап, олқылықтарды тез арада ретке келтіруді тапсырды.
Жаңа оқу жылының басталуына бір ай ғана уақыт қалды. Жөндеу жұмыстарын тез әрі сапалы аяқтаңыздар. Жаңа оқу жыла дейін барлық шаруа мүлтіксіз орындалуы керек,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Айта кетейік, 2023 жылы 2 мектепте электр жарығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. (Олар 31 және 39мектеп) Сондай-ақ, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2023 жылы 50 жоба жүзеге асуда. 41 мектепке 310,6 млн. теңге сомасына 51 кабинетті жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. (физика -15, химия -2, биология -2, STEM - 11, математика - 5, география -4, басқалары -12).