Семейде 2 жағажай ашылады

Семейдегі жағажайларды абаттандыруға 30 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24». 

Қала әкімдігі биыл бірден 2 коммуналдық жағажайды іске қосуды жоспарлап отыр. Шаһарда бұған дейін рұқсат етілген бірде-бір шомылу орны болмаған еді. Соның салдарынан былтыр 17 адам суға кетті. 

Оның үшеуі – бала. Қазір құтқарушылар суға түсу маусымына дайын. Аймақтағы су айдындарында 30-ға жуық құтқарушы, полиция мен еріктілер кезекшілік етеді.  

Келесі маусым айынан бастап суға шомылу басталады. Соған орай Семейдегі «Заря» жағажайын абаттандыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта конкурстық процедуралар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға мекеме тарапынан 30 млн теңге бөлінген болатын, - деді Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Бауыржан Оразкенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы