Семейде 15 адам ата-ана құқығынан айырылды
Семей қаласында өткен «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары түнгі уақытта ересектерсіз жүрген 148 баланы анықтады. Бұл туралы Абай облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық полиция департаментінің дерегінше, үш күн ішінде 1100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 37 қылмыс тіркелген. Қоғамдық орында ішімдік ішу, көлікті мас күйде басқару секілді құқық бұзушылықтар орын алған.
Жаңа оқу жылы басталғандықтан, балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Шара барысында мектеп маңындағы жолдардың жағдайы да тексерілді. Сонымен қатар жасөспірімдердің ойын-сауық орындарында жүрмеуі қадағаланып жатыр, – делінген хабарламада.
Жыл басынан бері Семейде ересектердің қарауынсыз түнде жүрген 148 бала анықталған. Ата-аналық міндетін орындамағаны үшін 452 адам жауапқа тартылып, 15 ата-ана балаларына қатысты құқықтарынан айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы