Семейде 121 жұмысшы жеті жыл бұрынғы жалақыларын енді алды

Астана, BAQ.KZ Көлік прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде «Семейавиа» АҚ 121 жұмысшының 51,1 млн тенге көлеміндегі еңбекақыны өтеді. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Көрсетілген берешек 2011-2012 жылдары қалыптасқан, алайда оны өтеу мүмкін болмаған. Өйткені акционерлік қоғамның өтімді мүлкі болмады, сонымен қатар ол – стратегиялық объект болғандықтан, қарызды өтеу қиынға түскен. 2014 жылдың сәуірінде Семей көлік прокуратурасының талабы бойынша қалалық сот кәсіпорынды банкрот деп жариялады және банкроттық туралы тиісті рәсімдер басталды. Осылайша, Үкімет қаулысымен мүліктік кешенді «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ пайдасына беру туралы шешім қабылданған», – деп жазылған хабарламада.

Өткен жылдың қыркүйегінде АҚ банкроттық басқарушысымен тиісті шартқа қол қойып, әуежайдың мүліктік кешенін сатқаннан кейін жұмысшылардың алдындағы берешек толығымен өтелген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы