Семей және Кентау қалаларында оңалту орталықтары ашылады

Биыл Семей және Кентау қалаларында оңалту орталықтары пайдалануға беріледі. Бұл туралы Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, құрамында мүгедектігі бар адамдар бар отбасылар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің (АӘҚ) қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. 

Дүйсенова осы мақсатта әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау жоспарланып отырғанын айтты.

Барлық 116 медициналық-әлеуметтік мекемеге арнайы қызмет көрсету стандарттарының сақталуына тексеріс жүргізіледі. Олардың қорытындысы бойынша өңірлердің әкімдерімен бірлесіп функционалдық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылданады. Сонымен қатар сыйымдылығы төмен үйлерді, әсіресе ауылдағы үйлерді қолдау және дамыту жоспарда бар. Бүгінгі таңда осындай 20 үй жұмыс істейді, олардың базасында АӘҚ көрсетудің жан басына шаққандағы нормативтері сынақтан өткізіледі, - деді Еңбекмині басшысы алқа отырысында.

Пилоттың қорытындысы бойынша жаңа тарифтеу жүйесі дайындалады. 

Сонымен бірге құралдар немесе тауарлардың жекелеген түрлерін кезең-кезеңімен монетизациялау басталады. Облыс орталықтары деңгейінде қымбат және заманауи техникалық компенсаторлық құралдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар парктері құрылады. Жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен іске асырылады.

Мүгедектігі бар адамдарды қоғамға жедел интеграциялау үшін 12 оңалту орталығын салу жоспарланып отыр. Биыл Семей және Кентау қалаларында оңалту орталықтары пайдалануға беріледі, олар 1 шілдеден бастап алғашқы қызмет алушыларды қабылдайды. Биылдың 1 ақпанынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталының жаңа форматы іске асырылады. Порталда тауарлар мен қызметтердің параметрлері туралы толық ақпарат ұсынылады, жеткізушілерге және олардың тауарларының сапасына жаңа және қатаң талаптар қойылады, - деп түсіндірді ол.

 Бұдан басқа, мүгедектігі бар адамдарға портал арқылы өнім берушілердің іс-әрекеттеріне шағымдарды жіберу мүмкіндігі беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы