Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтар зейнетке ерте шығуы мүмкін
Тиісті заңға өзгерістер енгізіліп, қабылданып жатса, онда Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар 45 жастан зейнетке шығуы мүмкін.
Бұл туралы Еңбек министрі Тамара Дүйсенова Семейде үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Денсаулық сақтау және Экология министрліктерінің өкілдері ядролық сынақ тақсіретін тартқан аймақ тұрғындарының денсаулығына зерттеу жүргізіп жатыр. Соның негізінде заңға тиісті өзгеріс енгізілуі мүмкін, деп жазды «Хабар 24».
Заң өз орнында қалады. Екіншіден, өзгеріс қажет болса, арнайы институттар өз ұсыныстарын беретін болса, әрине өзгерістер енгізіледі. Заңға сәйкес Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар 45 жастан зейнетке шығуы мүмкін, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семей қаласында жаңа саябақ салынады
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы