Семей әуежайына Абай Құнанбайұлының есімі беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласындағы әуежайға Абай Құнанбайұлының есімін беру туралы ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қолдады.
Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді, - деп жазды Семей қаласының ақпарат орталығы.
Айта кетейік, келесі жылы тойланатын Абайдың 175 жылдығына орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді. Ал елордада "Абай әлемі" деген үлкен орталық салынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұрымбетов "Еңбек" бағдарламасы аясында гранттарды беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы