Семей тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жергілікті тұрғынның атыс қаруын заңсыз сақтауға қатыстылығы туралы ақпаратты тексерді.
Тінту нәтижесінде 29 жастағы ер адамның гаражынан 16 калибрлі «ЗК» және «ИЖ» маркалы екі тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ 5,6 мм калибрлі «Страж» моделінің сигналдық револьверінен тұратын қару-жарақ арсеналы табылды.
Қазір тәртіп сақшылары аталған азаматтың бұл қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтауда.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.