"Семей-Қалбатау" трассасында «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" автомобиль жолының "Семей-Қалбатау" учаскесінде «Жолда қабылдау» акциясы өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Акция аясында Абай облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдары бойынша жүк, жолаушылар тасымалы қағидаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 

Шараға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, Көліктік бақылау инспекциясының, жергілікті полиция қызметінің, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ филиалының өкілдері белсене қатысуда. 

Акцияның мақсаты- тасымалдаушыларға автомобиль көлігі саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормалары мен талаптары туралы, оның ішінде көктемгі-су тасқыны кезеңіндегі шектеулер мен облыстың автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз етуді түсіндіру.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы