Семей қаласының автопарктері жаңа 30 автобуспен толығады
Жыл соңына дейін Семей қаласының автопарктері 30 жаңа автобус сатып алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалалық автопарктер осы жылдың соңына дейін қосымша 30 автобус сатып алып, қоғамдық көлік санын көбейтуді жоспарлап отыр. Тасымалдаушылар келесі жылдың басында да жаңа автобустар санын көбейтуге ниетті. Бұл шара маршруттық автобустардың қозғалыс жиілігін арттыруға және Семей қаласындағы қоғамдық көлік мәселелерін ішінара шешуге мүмкіндік береді, - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Сондай-ақ Нұрбол Нұрсағатов «Daewoo Bus Kazakhstan атты автобустарды шығаратын зауытқа барды. Осы сапар барысында қалалық автопаркті толықтыру мәселесі талқыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада «Өмір жолымдағы соңғы көш» кітабының тұсаукесері өтті
Келесі жаңалық
Энергетика министрі жаңа мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынды
Өзгелердің жаңалығы