Семей қаласы бойынша жарық не себепті өшірілгені анықталды

Бүгін сағат 13:30 шамасында Семей қаласы бойынша жарық сөніп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жайтқа қатысты Энергетика министрлігі түсініктеме берді.

Сағат 13:30-да "KEGOC" АҚ желілерінен ажыратылғаннан кейін Семей қаласының тұрғындарына электр энергиясын беру тоқтатылды. Сағат 13:45-те электрмен қамтамасыз ету желілері қайта қалпына келтірілді, - делінген ведомство хабарламасында. 

Қалалық әкімдік электр энергиясының қайта берілгенін растады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы