Семей полигонынан зардап шеккендерге Конституция күніне орай өтемақы беріледі
Астанада Семей полигонынан зардап шеккендерге Конституция күніне орай өтемақы беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен шамамен үш мыңға жуық адам Конституция күніне орай біржолғы өтемақы алады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, төлем мөлшері 2,5 АЕК-ті (9830 теңге) құрайды.
Ядролық сынақтардан келген зиян үшін өтемақы алатын азаматтарды біржолғы әлеуметтік көмекпен қамту жоспарланып отыр, – деді ведомство өкілдері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Президент: Сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз
Өзгелердің жаңалығы