Семей орманында өрттен қаза тапқандарға мемориалдық тақта орнатылды

Бүгін «Семей орманы» резерватында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлеріне арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті баспасөз қызметі мәліметінше, мемориалдық тақтаны ашу құрметін орман шаруашылығының ардагері, Новая-Шульба филиалы Центральное орманшылықтың шебері Александр Решетин қабылдады.

Орман өртімен күрескен батырлардың құрметіне мекеме ұжымы мен жақын туыстары бастарын иіп, бір минут үнсіздік жариялап, гүл шоқтарын қойды.

Келешек ұрпақтың жадында сақтау үшін, ерлік көрсеткен әріптестеріміздің есімдері жазылған мемориалдық тақта орнаттық. Өмір – ең қымбат қазына. Алапат өрттерден орманды және адамдарды қорғауда қаза тапқан батырлардың ерлігі ұмытылмалмайды. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Әріптестеріміздің қазасы туралы жан түршігерлік хабарды бәріміз де терең қайғымен еске аламыз. Олар біздің жадымызда мәңгі сақталады, - деді «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» бас директорының м.а. Әсемгүл Нсамбекова.

Бұған дейін Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан өрт шыққаны туралы хабарлаған едік.

5 шілдеде Абай облысындағы өртті сөндіруге қатысқан әскерилер марапатталды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы орманды қалпына келтіру үшін қанша уақыт керегін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы