Бүгiн 2026, 06:35
Фото: depositphotos.com
«Семей орманы» резерватында бір күнде төрт орман өрті тіркелді
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығуына найзағай разрядтары себеп болған.
Кеше, 4 шілдеде Семей орманы мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында төрт орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті.
Резерваттың мемлекеттік орман күзеті өрт ошақтары анықталған сәттен бастап жедел әрекет етіп, барлық өртті қысқа уақыт ішінде толық сөндірді.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығуына найзағай разрядтары себеп болған. Мамандар өңірде найзағайлы ауа райының сақталуына байланысты орман өртінің туындау қаупі жоғары екенін ескертеді.
Осыған байланысты тұрғындар мен табиғат аясында демалушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтап, табиғатқа ұқыпты қарау қажеттігі ескертілді.