Семей орманы қалпына келу үшін қанша жыл керек?
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев былтыр жазда отқа оранған Семей орманын қалпына келтіру үшін қанша уақыт керек екенін айтты.
Семейдегі былтыр өрткен оранған орман қашан қалпына келеді? Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қылқан жапырақты қалпына келтіру өте күрделі жұмыс.
Сонда өсіп тұрған ағаштың түрін алсақ, қарағай басым. Әрине, қарағайдың өсімталдығын қарасақ, қылқан жапырақты ағаштар өте баяу өседі. Сол себептен біз айтып отырмыз, кәдімгі орман толыққанды қалпына келу үшін 40-50 жыл керек. Сол себептен біз қаншама әрекет жасасақ та, ағаштың табиғи өсу қабілетімен байланыстырып отырмыз, - деді министр Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Физули қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы