«Семей орманы» аумағындағы өрт: ТЖМ және экология министрлері өңірге жіберілді
Жедел штаб жұмысы Премьер-министрдің жеке бақылауында.
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша «Семей орманы» аумағындағы жұмыстарды үйлестіру үшін төтенше жағдайлар және экология министрлері өңірге жіберілді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Абай облысына шұғыл баруды тапсырды.
Сондай-ақ, жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.
2026 жыл 16 шілде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өрт сөндіруге 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Көлемі 100 тоннадан асатын су себілді.
Айта кетейік, бұған дейін «Семей орманында» өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды.