20 Шілде 2026, 20:45
Фото: видеодан скриншот
Семей онкологиялық орталығында өрт шықты
Жалын ғимараттың екінші қабатында тұтанған.
Семей қаласындағы Құтжанов көшесінде орналасқан онкологиялық орталықтан өрт шықты.
ТЖМ қызметкерлері өрттің одан әрі таралуына жол бермей, аз аумақта жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша өрттің себептерін анықтап, келтірілген шығын көлемін белгілейтін комиссия құрылды. Медициналық мекеменің пациенттері зардап шеккен жоқ.
ТЖМ ескертеді: өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз және төтенше жағдай туындаған кезде дерау 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген халыққа арналған үндеуде.