Семей мен Өскеменде жылу электр орталығы салынады

Қазақстан өздігінен Көкшетауда ЖЭО құрылысын бастағаны мәлім. Алайда Ресейдің қалған станцияларды қаржыландыруы туралы жауабын күтуде. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз әзірге ресейлік тараптан таргеттелген арзандатылған қаржыландыру туралы нақты жауап алған жоқпыз. Сондықтан Көкшетаудағы жылу электр орталығын өздігімізден сала бастадық. Ал Семей мен Өскемендегі орталықтарға қатысты ресейлік тараптан жауап күтіп отырмыз. Егер жауап болмаса, жобаны өздігімізден іске асыру нұсқалары да қарастылады, - деп жауап берді Үкімет басшысы БАҚ өкілдерінің сұрағына.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда ЖЭО салынатыны туралы айтылды. Сүйінші жаңалықты жерлестеріне өңір басшысы Марат Ахметжанов жеткізген еді.

Еске салайық, Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектенов және оның орынбасарларының қатысуымен БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингі өтіп жатыр.

Бұған дейін Бектенов экономикалық өсімді сақтау үшін тапсырмалар берген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы