Семей әкімдігі зейнеткердің үйін жөндеп береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей әкімі қаладағы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың жағдайымен танысып қайтты, деп жазады altaynews.kz.
Шаһар басшысы Ермак Сәлімовтың қабылдауында 29 отбасы болды. Билік тарапынан қолдау сұраған көп балалы және жалғыз басты аналардың арыз-тілектерін тыңдаған әкім қаладағы жедел жөндеуді талап ететін үйлерді аралап шықты.
Солардың бірі Комсомол ауданындағы 73 жастағы зейнеткердің үйі. Жаңбыр жауған сайын төбесінен шелектеп су ағатын үйге қала әкімдігі жөндеу жұмыстарын жүргізетін болыпты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы