Семей қаласында алаяқтар 143 адамды алдап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев онлайн форматта өткізілген есеп беру кездесуі барысында өңірдегі алаяқтық фактілерінің 20,5%-ға көбейгендігін айтты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Карантин кезінде тауарларды интернет арқылы сату және сатып алу күрт өсті. Осыны пайдаланған алаяқтар жымысқы ойларын жүзеге асыруда. Өткен жылы зардап шегушілер саны 2,5 есеге өскен. Сондай-ақ әрбір интернет алаяқтықтың екіншісі облыстан (492 факті) және республикадан тыс жерлерде (246) жасалған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 146 интернет алаяқтық әшкереленді, – деді ол.

Кейбір азаматтар оңай жолмен табыс табу үшін осындай ұсыныстарға келісіп, соңында алаяқтардың құрбанына айналып жатады екен.

ШҚО бас полицейі аймақ тұрғындарын күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы