Семей әкімдігіндегі эвакуация немен аяқталды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей әкімдігінен қызметкерлер жаппай эвакуацияланғанымен, ғимарат ішінен жарылғыш зат табылмаған.

ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлауынша, жарып жібермек болған адамға іздеу жарияланды.

Сағат 17.00-де әкімдіктің әкімшілік ғимаратына жарылғыш заттың қойылғандығы туралы ақпаратты тексеру жұмыстары аяқталды. Алаңдауға себеп жоқ. Мамандар ешқандай жарылғыш зат таппады, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Семей полиция басқармасы ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Аталмыш бапқа сәйкес, жоспарланған терракт туралы жалған ақпарат таратқан адам 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, бүгін Семей әкімдігінің қызметкерлері жаппай эвакуацияланғаны және ғимаратқа жарылғыш зат қойылғаны хабарланған болатын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы