Селфи жасамақ болған жігіт 50 метрлік плотинадан құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ер адам Үлкен Алматы көлінде селфи жасамақ болғанда құздан құлап кеткен.
14 маусымда кешке Республикалық жедел құтқару жасағының кезекші бөліміне мертіккен жігіт туралы ақпарат түсті. Куәгерлер хабарлағандай, Үлкен Алматы көліндегі биіктігі 50 метр плотинадан селфи жасамақ болған жігіт төменге құлап кетіп, көмекке шақырған, - деді Республикадық жедел құтқару жасағы өкілдері.
Альпинистік құрал-жабдықпен түскен құтқарушылар каскадты баспалдақтардың бірінен жігітті алып шықты.
Оның тек 2 саусағы сынып, сан еті жырылған. Құтқарушы медиктер жігітті альпинистік троспен алып шығып, жедел жәрдемге табыстады, - деді Республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметінен.
35 жастағы ер адам әдемі фонда селфи жасамақ болып, техникалық баспалдаққа шыққан. Тепе-теңдік сақтай алмаған ол төменге құлдилап кеткен. Құтқарушылар болса, ешбір әдемі фото адам өмірін қиюға тұрмайтынын тағы бір ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ХҚКО жұмыс кестесін өзгертті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы