Бүгiн 2026, 12:00 Фото: gov.kz

Жыныстық қысым айыбы: Данияр Мейірханның адвокаты іс тоқтатылғанын мәлімдеді

Қызметінен шеттетілген Данияр Мейірханға қатысты іс тоқтатылды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы оның адвокаты Әлия Жаманбаева хабарлады.

Дәл осы жәбірленушінің менің қорғауымдағы азаматқа жазған хаттарының скриншоттары сақталып қалғаны жақсы болды. Бұл жерде кімнің кімді соңына түсіп аңдығаны әлі түсініксіз, – деп мәлімдеді ол өзінің Instagram парақшасында.

Сонымен қатар, адвокат «20 қызметкер арыз түсірді» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Ол сондай-ақ іс аясында бұған дейін хабарланған телефон сатып алу эпизодына қатысты түсініктеме берді.

Құрылғы Мейірханның жеке қаражатына сатып алынған. Тексеру шаралары жалғасуда. Данияр Мейірханұлы Мейірхан – құқық қорғау органдарының қазіргі қызметкері және ол ұзақ уақыт бойы есірткі қылмысына қарсы принципті әрі қатаң күрес жүргізді. Біз оның беделін түсіру әрекеттері тапсырыспен жасалған деп есептейміз. Данияр Мейірхан тек заң аясында әрекет ететінін мәлімдейміз, – деп атап өтті ол.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханның үстінен түскен шағымдар туралы бұған дейін блогер Дастан Қабылбеков әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, комитет төрағасына қарсы 20 қызметкерден ұжымдық арыз түскен.

Еске салайық, бұған дейін лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және қызметкерге сексуалдық сипатта тиісті деген айыптардан кейін Мейірхан қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілген еді.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Кезекте жоқ 15 адам заңсыз пәтер алған: Ақтөбеде экс-шенеунік сотталды

3 трлн теңге: ҚТЖ-ның бұрынғы басшысы компания қарызды қалай өтейтінін айтты

Атырау полициясының бастығы жұмыстан шығарылып, қамауға алынды