Секірместен бұрын балаларын лақтырған ана: тірі қалған баланың жағдайы белгілі болды

Павлодарда терезеден балаларын лақтырған әйел мен 7 жасар баласының жағдайы белгілі болды. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты, ал ауыр жарақат алған әйелге ота жасалуы жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, 7 жастағы бала қазіргі уақытта травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Ал баланың анасы орташа ауыр халде. Ол политравма бөліміне ауыстырылған. Қазіргі кезде дәрігерлер оны жоспарлы операцияға дайындап жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда әйел 5-қабаттан балаларын лақтырып, артынан өзі секіріп кеткенін хабарлаған болатынбыз. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, әйел адам ұсталды.

31 шілдеде дәрігерлер анасы терезеден лақтырып жіберген екі баланың өмірі үшін күресіп жатқанын, әсіресе кішкентай баланың жағдайы өте ауыр екенін хабарлаған болатын. Алайда әйелдің сол бір жарым жастағы баласы ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: - архив/ Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы