Сегіз боксшымыз халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан Иштван Бошкай мемориалында жартылай финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды деп хабарлайды ҰОК ресми сайты.
52 келіде сынға түскен Махмұд Сабырхан испаниялық Мартин Молинаны ұтып, 1/2 айналымға өтті.
Сондай-ақ, Айдос Арапов ширек финалда Италия өкілі Джанлука Руссоны жеңді. 69 келідегі Талғат Шәйкен тағы бір италиялық спортшы Джанлука Маланьиді ұтты. Ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбайлар да турнирдің жартылай финалында жұдырықтасады.
81 келідегі Нұрбек Оралбай ресейлік Расул Алиевтен, 91 келідегі Айбек Оралбай испаниялық Эмануэель Рейестен басым түсті. Ал аса ауыр салмақтағы Дамир Тойбай австриялық боксшыны жеңіп, келесі кезеңге өтті. Жартылай финал бәсекелері 6 ақпанда, финалдық жекпе-жектер 7 ақпанда ұйымдастырылмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы