Сегіз адам қар құрсауынан құтқарылды
ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған 8 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал-Достық ст. республикалық автожолының учаскесінде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар вахтаның көмегімен 8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Құтқарылғандар жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шорт-трек: Италиядағы турнирде ел қоржынына екі алтын түсті
Өзгелердің жаңалығы