Сегіз адам ғана қалған аралда жанартау атқылай бастады

Исландияда елдің оңтүстік-батыс жағалауындағы шағын балықшылар қалашығы Гриндавик аймағында жанартау атқылай бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Исландия метеорологиялық басқармасының мәліметінше, лава мен қою түтін атқылап жатқан жарықшақ қазірдің өзінде 1,2 шақырымға жетіп, кеңейіп жатыр.

Магмалық интрузияның ұзындығы 11 шақырымнан асады, бұл өңірде тіркелген ең ірісі, – деп хабарлады метеорологиялық департамент.

Жанартау атқылауы Сундхнукур кратерінде таңертең басталды. Жанартау 2021 жылдан бері 11 рет атқылаған, бірақ қазіргі белсенділік соңғы жылдардағы ең күшті болуы мүмкін.

4000-ға жуық тұрғынның көпшілігі алдыңғы атқылаудан кейін 2023 жылдың соңында қаланы тастап кетті, бірақ сегіз адам қауіп-қатерге қарамастан эвакуациялаудан бас тартты, – деп хабарлады RUV TV.

Жағдайға алғашқылардың бірі болып танымал Blue Lagoon термалды курорты жауап берді. Басшылық барлық туристер мен қызметкерлерді эвакуациялау туралы хабарлады, ал демалыс орнының өзі уақытша жабылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы