Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілді
Қазіргі уақытта стационарда ем қабылдап жатқан 11 адамның сегізіне 1 млн теңгеден, ал амбулаторлық ем алып жүрген 8 адамға 400 мың теңгеден төлем жасалған.
Ақмола облысының Бурабай ауданы әкімдігі «Центр плова» дәмханасында болған жарылыстан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына көрсетілген көмек туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әкімдіктің Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қаза тапқан тоғыз адамның отбасына жергілікті бюджет есебінен 2 млн теңгеден төленген. Сонымен қатар, дәмхана басшылығы да әр отбасыға 2 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетіп, жерлеу рәсіміне қатысты барлық шығындарды өз мойнына алған.
Қазіргі уақытта стационарда ем қабылдап жатқан 11 адамның сегізіне 1 млн теңгеден, ал амбулаторлық ем алып жүрген 8 адамға 400 мың теңгеден төлем жасалған. Сондай-ақ, кафе басшылығы зардап шеккендерге жалпы көлемі 6 млн теңге қаржылай көмек көрсеткен.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлер де қолдау білдіріп, зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларының несиелерін өтеуге көмектесті. Көрсетілген қосымша көмектің жалпы көлемі 6 млн 580 мың теңгені құрады.
Әкімдік жанынан құрылған комиссияның жұмысы жалғасып жатыр.
Еске салайық, 26 ақпаннан 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы «Центр плова» кафесінде газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Оқиға салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы 26 адам жарақат алған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram