22 Желтоқсан 2024 2024, 23:15
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Щучинскте монша өртенді
Өрт сөндірушілер жеке моншадағы өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер жеке моншадағы өртті жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Щучинск қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінде моншаның бу бөлмесінен өрт шыққан.
Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, қысқа мерзім ішінде 15 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр, - деп атап өтті ведомстводан.
Өрт орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет.