Щучинскте кадеттер арасында жұқпалы ауру тарап, карантин жарияланды

Щучинскідегі Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжде демалыстан қайтқан кадеттер арасында қызылшаға шалдыққан жағдайлар тіркелді. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжде (Щучинск қ.) білім алушылар арасында қызылша ауруының жағдайлары тіркелді.

Кадеттердің каникулдық демалыстан оралуынан кейін олардың бір бөлігінде жұқпалы ауру белгілері байқалды. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, аурудың болжамды түрде сырттан әкелінуі мүмкін екені анықталуда. Бүгінгі таңда 66 кадет бейінді медициналық ұйымның бақылауында. Екі жағдайда ауру асқынумен өтуде, науқастар мамандандырылған медициналық көмек алуда, олардың жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады. Колледжде байланыста болған тұлғалар анықталып, оқшауланды. Барлық пациенттерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде, олардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланады, - деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі. 

Инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында оқу орнында карантин жарияланды. Медициналық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту бойынша қосымша шаралар ұйымдастырылып, жеке құрамның денсаулық жағдайына мониторинг күшейтілді.

Жағдай Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және денсаулық сақтау органдарының бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы