Бүгiн 2026, 03:53
Фото: Ақмола облысы ТЖД
Щучинскідегі жарылыс: зардап шеккен бес адам Көкшетауға жеткізілді
Барлық зардап шеккендер облыстық ауруханаға жатқызылып, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккен бес адам Көкшетауға жеткізілді. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Щучинск қаласындағы кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан зардап шеккен бес адам ТЖД мен денсаулық сақтау басқармасының санитарлық авиациясы арқылы Көкшетау қаласына жеткізілді. Тағы екі науқасты тасымалдау жоспарлануда, - делінген ақпаратта.
Барлық зардап шеккендер облыстық ауруханаға жатқызылып, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Пациенттердің жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Айта кетейік, жарылыс салдарынан 7 адам қайтыс болды.