11 Наурыз 2026, 14:42 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Сырым Рахимбеков

Щучинскідегі жарылыс: ТЖМ дәмханаларды тексеруді күшейтеді

Елдегі қоғамдық тамақтану нысандарына талап қатаңдатылады.

Щучинскідегі дәмханадағы жарылыстан кейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қоғамдық тамақтану нысандарын тексеруді күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Сенаттың кулуарында мәлімдеді.

Оның айтуынша, болған оқиғаның себептерін зерделеу және алдағы шараларды айқындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.

Мемлекеттік органдар мен салалық мамандардан құралған жұмыс тобы құрылды. Қазір осы топ тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша бұл бағыттағы бақылауды күшейтуге қатысты нақты шаралар қабылданады, – деді Кеген Тұрсынбаев.

Еске салайық, 26 ақпан күні сағат 21:57 шамасында Ақмола облысының Щучинск қаласында болған төтенше жағдай салдарынан  жеті адам қаза тапты. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес адам оқиға орнында көз жұмған, тағы екеуі 2026 жылғы 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы қыз бар.

26 ақпанда болған кафедегі жарылыстың хронологиясын назарларыңызға ұсынамыз.

Кейіннен қайғылы оқиға құрбандарының саны 11 адамға  жетті.