Щучинскідегі қайғылы өрттен кейін кафе иесі қанша уақытқа қамалғаны белгілі болды
Щучинскідегі жойқын жарылыс пен өрттен кейін "Центр плова" кафесінің иесі екі айға қамауға алынды.
Ақмола облысының Щучинск қаласында болған өртке байланысты "Центр плова" кафесінің иесі екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
Ведомство мәліметінше, 4 наурыз күні сот санкциясымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Еске салайық, 2 наурызда аталған кафе иесі ұсталған болатын.
Прокуратураның хабарлауынша, Щучинскідегі кафеде болған өрт фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның қаза табуына әкеп соғу дерегіне қатысты қолданылады.
Аталған бап бойынша кінәлі деп танылған адамға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске салайық, 26 ақпан күні сағат 21:57 шамасында Ақмола облысының Щучинск қаласында болған төтенше жағдай салдарынан жеті адам қаза тапты. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес адам оқиға орнында көз жұмған, тағы екеуі 2026 жылғы 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы қыз бар.
26 ақпанда болған кафедегі жарылыстың хронологиясын назарларыңызға ұсынамыз.
Айта кетейік, Щучинскідегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. ТЖД жанынан жедел желі ашылды.
Кейін жарылыстың бір куәгері әріптестерімен бірге зардап шеккендерге көмек көрсеткенін айтты.
Белгілі болғандай, Ақмола облысы Щучинск қаласы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықовтың айтуынша, жарылыс ауызашар уақытында болған жоқ. Зардап шеккендердің арасында кішкентай балалар болмаған.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.
Кейіннен қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыстан тоғыз адамның қаза табуына байланысты оқиғаға дейін нысанды тексеруге тиіс болған инспекторлардың жауапкершілігі туралы айтты.