Бүгiн 2026, 01:44 Фото: pixabay

Щучинскідегі өрттен 24 адам эвакуацияланды

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, тілсіз жау 50 шаршы метр аумақта қысқа уақытта сөндірілді.

Бүгін Ақмола облысы Щучинск қаласындағы бес қабатты қонақүйлердің бірінің бірінші қабатында орналасқан сауна бөлмесінде өрт болды.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, тілсіз жау 50 шаршы метр аумақта қысқа уақытта сөндірілді. Өрттің өзге бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 24 адам, оның ішінде екі бала өз бетінше эвакуацияланған.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.