22 Қазан 2026, 08:31
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Щучинскідегі өрт кезінде 75 адам эвакуацияланды
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бүгін түнде Щучинск қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі лифт шахтасында қоқыс өртенді.
Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары автосаты мен баспалдақ арқылы 75 адамды, оның ішінде 20 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Өрт шағын аумақта жедел сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.