Щучинскідегі дәмхана жарылысы: 12 адамның өліміне қатысты сот үкімі шықты
Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» дәмханасында болған жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапқан еді. Бурабай аудандық соты осы іс бойынша айыпталған үш адамға үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ақмола соттарына сілтеме жасап.
Сот алдында дәмхананы жалға алушы, автогаз құю станциясының директоры және газ жеткізуші жауап берді.
Дәмхананы жалға алушы Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі бойынша, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Автогаз құю станциясының директоры Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетіп, абайсызда адам өліміне себеп болғаны үшін 7 жылға сотталды.
Ал газ жеткізуші осы бап бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Щучинскідегі «Центр плова» дәмханасының жарылысы
Еске салайық, 26 ақпан күні сағат 21:57 шамасында Ақмола облысының Щучинск қаласында болған төтенше жағдай салдарынан жеті адам қаза тапты.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес адам оқиға орнында көз жұмған, тағы екеуі 2026 жылғы 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы қыз бар.
26 ақпанда болған кафедегі жарылыстың хронологиясын назарларыңызға ұсынамыз.
Белгілі болғандай, Ақмола облысы Щучинск қаласы Бурабай ауданының әкімі Арай Садықовтың айтуынша, жарылыс ауызашар уақытында болған жоқ. Зардап шеккендердің арасында кішкентай балалар болмаған.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыстан тоғыз адамның қаза табуына байланысты оқиғаға дейін нысанды тексеруге тиіс болған инспекторлардың жауапкершілігі туралы айтты.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Щучинскідегі «Палау орталығында» болған өрттен қаза тапқандар саны 12 адамға жетті.