Щучинскіде мектеп аумағында жарылыс болды
Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында орта мектеп аумағында қазандық жарылып, артынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында көлемі 10 текше метрден екі жанармай резервуарын сақтап қалуға және өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеуге мүмкіндік туды, – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
ТЖД өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу керектігін еске салды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ерлан Қарин 2025 жыл қандай реформалармен есте қалғанын айтты
Өзгелердің жаңалығы