Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытуға 4 млрд теңге бөлінді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Щучье-Бурабай курорттық аймағын одан әрі дамыту мақсатында алты инвестициялық жоба іске асырылады. Атап айтқанда, жол, су құбырлары, кәріз жүйесін салу жұмыстары жалғасады. Бұл мақсатқа 4 млрд теңге қаражат қарастырылып отыр.
Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевтың айтуынша, аудан экономикасының басым бағыттарының бірі туризмді дамыту болып табылады. Туристік қызмет көрсету инфрақұрылымы сыйымдылығы 13 мың орыннан асатын 178 нысанды қамтиды.
Бүгінгі таңда Бурабай ауданының аумағында 22 нысанның категориялық сертификаты бар. 2021 жылы барлық деңгейдегі бюджеттен төрт млрд теңге бөлінді. Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы проблемалардың бірі - қоғамдық дәретханалардың болмауы екені белгілі. Жақын арада мұнда контейнер түріндегі 16 санитарлық-гигиеналық заманауи тораптар жұмыс істейтін болады. Жағалау аймағында және туристік нысандары бар жерлерде қоғамдық дәретханалар орнатылады, - деп атап өтті Әсет Мұздыбаев.
Өңірде бірнеше жыл бұрын басталған инвестициялық жобалардың қатарында «Променад» жобалары мен коттедж қалашығы бар. Бұл жұмыстар жалғасады. Алғашқы жоба сегіз кезең бойынша жүзеге асырылады, әзірге тек екіншісі аяқталды. Сонымен қатар Бурабай ауданында 1,2 га жер телімдері сатып алынды, онда үлкен аллея салынады.
Аллея маңайы абаттандырылады, әдемі тастармен көмкеріліп, орындықтар қойылады, жарықтандырылады. Сондай-ақ, қазір бізде банк кепілдігіндегі жерлерді сатып алған инвесторлар да бар. Қазір жоба әзірленуде, курортты аймақта заманауи коттедж қалашықтары да пайда болады. Бурабай кентінде заманауи қонақ үйлер салу жөніндегі тұжырымдамалар да бар, - деп атап өтті аудан әкімі.
Оның айтуынша, қазіргі заманғы қонақ үйлерде туристерге тартымды болу үшін СПА, бассейн және басқа да артықшылықтар болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда 80 жастаға қария бақ өсіруді қолға алды
Өзгелердің жаңалығы