SCAT компаниясының қызметкерлері жалған анықтамалар пайдаланған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік прокурорлары "SCAT" авиакомпаниясын тексеру кезінде оның жұмыскерлерімен жалған еңбекке жарамсыздық парақтарын пайдаланудың 3 фактісін анықтады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Әуе көлік прокуратурасы.
Еңбекке жарамсыздық парақтарын жұмыскерлер "OLX" қосымшасынан интернет арқылы 5000 теңгеге сатып алып, жұмыстан қашуды жасыру және еңбек міндеттерін орындаудан босату үшін ұсынған.
Жалған еңбекке жарамсыздық парақтарын пайдалану фактісі бойынша кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге айыпталған.
Қазіргі таңда, бір қызметкер лауазымынан төмендетіліп, екеуі авиакомпаниядан босатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауылға барынша қолайлы жағдай жасау қажет – әкім
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы