СБЕР тобымен заңды қарым-қатынас жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. СБЕР тобымен платформаны жүзеге асыруға қатысты ешқандай заңды қатынас жоқ.
Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі геосаяси ахуалға байланысты тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ сарапшылар мен қоғамның пікірлерін ескере отырып, қазіргі жағдайды талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда платформаны жүзеге асыру бойынша СБЕР тобымен қарым-қатынас заңды тұрғыда бекітілген жоқ. Министрлік қарастырып жатқан негізгі шешімдердің бірі – цифрландыру платформасын тәжірибелі сарапшыларды тарта отырып, «ҰАТ» АҚ ұлттық операторы мен қазақстандық ІТ- компаниялардың ресурстары негізінде құру, – делінген ведомства баядамасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында тағы 22 елді мекен газдандырылды
Өзгелердің жаңалығы