СБЕР-мен келісімге қол қою мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ – Цифрлық даму министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресейлік СБЕР-мен келісімге қол қою мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ екенін хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметі қазіргі күні СБЕР-ге балама болатын технологияларға талдау жасалып жатқанын айтты.

Әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты министрлік платформалық модельге көшу бойынша бірнеше сценарилерді қарастырып жатыр және олардың әрқайсысына дайын. Біз ІТ сарапшылармен және нарық өкілдерімен кездесіп, ең оңтайлы шешім, оның ішінде СБЕР-ге балама бола алатын технологияларға талдау жасап жатырмыз, - делінген ЦДИАӨМ хабарламасында.

ЦДИАӨМ Үкімет пен компания арасындағы меморандумда көзделгендей, 2022 жылдың наурыз айының соңына дейін келісімге қол қоюға қатысты да айтты.

Биыл наурыздың аяғына дейін келісімге қол қою мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ, - деді ЦДИАӨМ.

Ведомство толыққанды талдаудан кейін ЦДИАӨМ қабылдаған шешім туралы қосымша хабарланатынын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы