Сайыров: «Қаңтар қасіреті» осы қазақтың ішкі қайшылықтарын ашып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров facebook-тегі парақшасында жазды.
Қазақпыз.«Бізде қазақылықтан не қалды?» деген сұрақ бүгін өте өзекті. «Бәріміз қазақпыз» деген сөз, «бәріміз ағайынбыз, бір-бірімізге туыспыз» деген сөздің синонимі. Болған. Қазір сондай сезім бар ма? Қазақ халқының бір ұлт болып қалыптасып,ортақ құндылықтар, ортақ пайым пайда болған кездегі қазақ пен бүгінгі қазақтың айырмашылығы қандай? Ағайындық, туыстық, ықпалдастық сезім қалды ма? Менің ойымша, «қаңтар қасіреті» осы қазақтың ішкі қайшылықтарын ашып берді, - деді ол.
Сайыровтың айтуынша, ат төбеліндей топ өздерін қазақтан бөлек, қазақтан биік, қазақтан ауаша сезініп қана қоймай, қазақтың бүкіл байлығын меншіктеп алғанын халық түсініп соған қарсы шықты.
Халық, біз сеніп келген топ өз халқының еншісін аузынан жырып алғанын біз емес, шет ел айтып жатыр .«Тоғышарлық», «алакөздік» деген осы ма? Неге ресми жауап жоқ! Егер айтылған сөз өтірік болса, «бұл жалған, өтірік» деп жауап беру керек қой. Ал біздің естімейін десек құлағымыз, көрмейін десек көзіміз бар. Менің ойымша, осы мәселе халықты ауыр күйзеліске ұшыратып отыр. Халық моральдық тұрғыда күйзелуде. Ұлттық депрессиядан қалай шығамыз? Бірлік пен ынтымақты қалай қалыптастырамыз. Өзара сенім мен төзімділіктің кілті қайда? Бізге осы тұрғыда ойланып, өзара толғанатын уақыт келді ғой деймін, - деді Ерлан Сайыров.
Депутат атағандай, біз өзіміз өзімізге көмектесіп, өзіміз төсектен тұрмасақ болмайды.
Біз өзімізге ғана керекпіз. Адал бизнесмен, қарапайым мемлекеттік қызметкер, депутат, мұғалім, құқық қорғау өкілі, жұмысшы біз біргеміз. Біз өзімізбіз. Қазақ болсаң, адал бол. Еліңді, халқыңды, ұлтыңды алдама. Ұлттық, халықтық интеграцияны өзіміз жасауымыз керек. Бірлік, ынтымақ, ықпалдастық қана болашақ кепілі. Бірлікке апаратын бір-ақ жол бар- адалдық, теңдік, туыстық, - деді Сайыров.