23 Қараша 2026, 01:18
Фото: Коллаж / Informburo.kz
Сайран көлінің маңынан қару мен оқ-дәрілер табылды
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қарудың шығу тегін анықтап, иесін іздестіріп жатыр. Сондай-ақ оның бұрын қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Алматы қаласындағы Садовников көшесінің бойында орналасқан жеке тұрғын үй секторынан атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы барған. Тәртіп сақшылары табылған қару мен оқ-дәрілерді тәркілеп, сараптамаға жіберді.
Алдын ала мәлімет бойынша, табылған қару газды қару түріне жатуы мүмкін. Оның нақты түрі мен сипаттамасы сараптама қорытындысынан кейін анықталады.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қарудың шығу тегін анықтап, иесін іздестіріп жатыр. Сондай-ақ оның бұрын қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде.